Қазақстан Olimpbet-Суперкубогы-2026 матчына аккредитация алу

Қазақстан Olimpbet-Суперкубогы-2026 матчына аккредитация алу

05 ақпан 2026, 14:20
Қазақстан футбол федерациясы Olimpbet – Қазақстан Республикасының Суперкубогы 2026 жылғы маусымның ашылу матчына бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін аккредиттеуге өтінім қабылдауды бастайды.

Елдің қазіргі чемпионы алматылық «Қайрат» пен Қазақстан Кубогы-2025 иегері «Тобыл» командалары арасындағы ойын 28 ақпанда сағат 17:00-де Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді.

БАҚ өкілдерінің аккредитация алу өтініштері келесі ақпаратты қамтитын хат түрінде қабылданады: тегі, аты, жеке куәлігін растайтын құжат нөмірі, байланыс деректері, сондай-ақ ресми бланкіде бас редактордың қолы және мөрімен расталған редакциялық тапсырмалар. Сондай-ақ әрбір БАҚ өкілінің функциясын көрсету қажет (жазушы журналист, фотограф, ТВ, радио). Өтінімдер 26 ақпан сағат 00:00-ге дейін (Қазақстан уақытымен) қабылданады.

Аккредиттеу хатын ҚФФ жарыстарды өткізу дирекциясының баспасөз қызметіне kffleaguee@gmail.com электронды поштасына жіберу қажет. 

Қосымша сұрақтар бойынша kffleaguee@gmail.com электронды поштасына немесе +7 775 745 55 19 (Дастан Ғаббасов) WhatsApp нөміріне хабарласуға болады.

Бөлісу
Жоғары