ҚФФ техникалық директоры Геннадий Скуртул Ньон қаласында өткен UEFA Jira Panel отырысына қатысты
Бапкерлерді даярлау саласындағы UEFA Jira Panel құрамында Еуропаның әр елінен жиналған 22 сарапшы бар.
Панельдің негізгі міндеттері:
• бапкерлерді даярлау саласындағы УЕФА стандарттарын ұсыну;
• ұлттық қауымдастықтардағы бапкерлерді оқыту жүйесін дамыту мақсатында тәжірибе алмасу және сараптамалық ұсынымдар беру;
• УЕФА-ның Бапкерлер конвенциясы аясында ұлттық қауымдастықтарға мониторинг жүргізу, қолдау көрсету және кеңес беру;
• қауымдастықтардың УЕФА Конвенциясындағы мүшелігін қайта бағалау үдерістеріне қатысу.

Геннадий Скуртул 2013 жылдан бері UEFA Jira Panel мүшесі және аталған комиссиядағы ең тәжірибелі сарапшы саналады. Сондай-ақ ол УЕФА-ның бапкерлерге арналған нұсқаушыларды дамыту жөніндегі жұмыс тобының құрамына кіреді.
Геннадий Скуртул Jira Panel аясындағы жұмыс барысында УЕФА-ға мүше бірқатар ұлттық қауымдастықтарда бапкерлерді даярлау жүйесінің дамуын үйлестіреді және сүйемелдейді. Сонымен қатар, ол Jira Panel-дің жаңа мүшелеріне менторлық жасап, олардың комиссия жұмысына тиімді кірігуіне көмектеседі.