Даму кубогына қатысатын Қазақстан U-17 құрамасының ойыншылар тізімі белгілі болды

Даму кубогына қатысатын Қазақстан U-17 құрамасының ойыншылар тізімі белгілі болды

09 ақпан 2026, 12:40
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Минскте (Беларусь) қаласында өтетін Даму кубогында бақ сынайды.

Қазақстан U17 құрамасы Астана қаласындағы ҚФФ Футбол үйінде оқу-жаттығу жиынын өткізіп, артынша Даму кубогы өтетін Минск қаласына аттанады.

Жарысқа сегіз команда қатысады: Қазақстан, Беларусь, Тәжікстан, Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан мен Минск құрамасы.

Командалар екі топқа бөлінеді. «А» тобында біздің команда Беларусь, Тәжікстан және Минск құрамаларымен ойнайды. «В» тобы Беларусь U16, Өзбекстан, Әзербайжан және Ресей командаларынан тұрады.

Аға жаттықтырушы Бауыржан Сағындық оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады:

Қақпашылар: Никита Килджиев, Әлихан Шайзада (екеуі де – «Шахтер»), Батырхан Серікбай («Жас Қыран»), Камиль Гайнуллин («Қайрат»);

Қорғаушылар: Жәнібек Жайлаубек, Данил Золкин, Мейірлан Балтабаев (бәрі – «Шахтер»), Ислам Рақым, Марлен Әміренов, Мансур Авасханов, Әлфир Ханафи, Әбди Әлихан (бәрі – «Қайрат»), Дінмұхаммед Дайрабай («Жас Қыран»), Нұралы Азатқазы (клубсыз);

Жартылай қорғаушылар: Әлихан Жұмабек, Дамир Юсупбеков (екеуі де –  «Қайрат»), Ринат Бейбітов, Акбар Сәденов (екеуі де – «Ақтөбе»), Шәріпхан Шәріпжан (клубсыз);

Шабуылшылар: Әнуар Төленді (ҚФФ Академиясы), Рустам Сайфимилюков, Дигдар Омаров, Расул Әкімов (бәрі – «Шахтер»), Абылай Жылқайдар, Роман Черноморец, Дәулет Орынбасар (бәрі – «Қайрат»), Расул Досан («Атырау»), Мағзұм Жоламан («Каспий»), Ибраһим Бауыржан («Ақтөбе»).

Бапкерлер құрамы: Бауыржан Сағындық – аға бапкер, Игорь Солошенко – аға бапкердің көмекшісі, Асхат Құсайынов – дене даярлығы бапкері, Валишер Рашид – қақпашылар бапкері, Нұрсұлтан Болатбеков – дәрігер, Станислав Ведлер – массажист, Әнуар Жандарбеков – менеджер, Шыңғыс Өмірбаев – кит-менеджер.

Даму Кубогы-2026 матчтарының кестесі (Қазақстан уақыты көрсетілген):

19 ақпан (бейсенбі)

12:30 Минск құрамасы U17- Қазақстан U17 
14:50 Әзербайжан U17 - Ресей U17  
17:10 Беларусь U16 - Өзбекстан U17 
20:00 Беларусь U17 - Тәжікстан U17 

 

20 ақпан (жұма)

13:00 Минск құрамасы U17 - Тәжікстан U17 
15:20 Әзербайжан U17 - Өзбекстан U17 
17:40 Беларусь U16 - Ресей U17 
20:00 Беларусь U17 - Қазақстан U17 

 

21 ақпан (сенбі)

13:00 Қазақстан U17 - Тәжікстан U17  
15:20 Ресей U17 - Өзбекстан U17 
17:40 Беларусь U16 - Әзербайжан U17 
20:00 Беларусь U17 - Минск құрамасы U17 

 

23 ақпан (дүйсенбі)

12:00 «А» тобының төртінші орны – «В» тобының төртінші орны

14:20 «А» тобының үшінші орны – «В» тобының үшінші орны

16:40 «А» тобының екінші орны – «В» тобының екінші орны

19:00 «А» тобының жеңімпазы – «В» тобының жеңімпазы.

Бөлісу
Жоғары