Павлодарда жасөспірімдер арасында «Talent ID Cup» турнирі өтеді
Жарысқа футбол орталықтары мен жекеменшік футбол мектептерінің командалары қатысады. Турнирдің негізгі мақсаты – жас футболшыларды анықтау, олардың ойын деңгейін бағалау және болашағы зор таланттарды іріктеу.
Турнир топтық кезең және плей-офф форматында өтеді. Командалар А және В топтарына бөлініп, 21-23 ақпан күндері топтық ойындар өткізеді. Финалдық ойындар 24 ақпанға жоспарланған.
«Talent ID Cup» жарысына «Ертіс», «Алтай», «БЖСМ», «Елімай», «Батыр» және «Форсаж» командалары қатысады.
А тобы:
1. «Ертіс» (2013)
2. «Алтай»
3. «БЖСМ»
4. «Ертіс» 1 (2014)
B тобы
1. «Ертіс» 2 (2014)
2. «Елімай»
3. «Батыр»
4. «Форсаж»
Ойындар кестесі:
21 ақпан
11.00 - «Ертіс» (2013) – «БЖСМ»
12.10 - «Алтай» – «Ертіс» 1 (2014)
13.20 - «Ертіс» 2 (2014) – «Форсаж»
14.30 - «Елімай» – «Батыр»
22 ақпан
12.00 - «Алтай» – «БЖСМ»
13.10 - «Ертіс» (2013) - «Ертіс» 1 (2014)
14.20 - «Батыр» – «Ертіс» 2 (2014)
15.30 - «Елімай» – «Форсаж»
23 ақпан
11.00 - «Алтай» – «Ертіс» (2013)
12.10 - «Ертіс» 1 (2014) – «БЖСМ»
13.20 - «Ертіс» 2 (2014) – «Елімай»
14.30 – «Форсаж» – «Батыр»
24 ақпан
11.00 - 7–8 орындар үшін ойын: 4A - 4B
12.10 - 5–6 орындар үшін ойын: 3A - 3B
13.20 - 3–4 орындар үшін ойын: 2A - 2B
14.30 - Финал: 1A - 1B