Қазақстан УЕФА Ұлттар лигасының жеребесінде бірінші себетке түсті

Қазақстан УЕФА Ұлттар лигасының жеребесінде бірінші себетке түсті

11 ақпан 2026, 15:14
Футболдан Қазақстан құрамасы 2026/27 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының жеребесінде С лигасының бірінші себетіне енді.

Жеребе тарту рәсімі 2026 жылы 12 ақпанда Брюссельде Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады.

Жаңа маусымда 54 ұлттық құрама төрт лигаға бөлінеді. Қазақстан С лигасында бірінші себетте Исландия, Албания және Черногория құрамаларымен бірге орналасқан.

Ережеге сәйкес, С лигасында төрт құрамадан тұратын төрт топ құрылады. Әр құрама топтық кезеңде алты матч өткізеді: оның үшеуі үйде, қалған үшеуі сырт алаңда. УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңі матчтары 2026 жылы қыркүйек айында басталады. 

Матчтар алты турға бөлінген: халықаралық терезелер қыркүйек және қазан айларында, сондай-ақ қарашада болады.

Топ жеңімпаздары жоғары лигаға көтерілу үшін таласса, ал соңғы орын алған командалар өз орнын сақтап қалу үшін плей-офф матчтарын өткізеді. 

 

2026/27 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының барлық себеті:

A лигасы
1 себет: Португалия, Испания, Франция, Германия
2 себет: Италия, Нидерланд, Дания, Хорватия
3 себет: Сербия, Бельгия, Англия, Норвегия
4 себет: Уэльс, Чехия, Грекия, Түркия

 

B лигасы
1 себет: Шотландия, Венгрия, Польша, Израиль
2 себет: Швейцария, Босния және Герцеговина, Аустрия, Украина
3 себет: Словения, Грузия, Ирландия, Румыния
4 себет: Швеция, Солтүстік Македония, Солтүстік Ирландия, Косово

 

C лигасы
1 себет: Исландия, Албания, Черногория, Қазақстан
2 себет: Финляндия, Словакия, Болгария, Армения
3 себет: Беларусь, Фарер аралдары, Кипр, Эстония
4 себет: Латвия немесе Гибралтар, Люксембург немесе Мальта, Молдова, Сан-Марино

 

D лигасы
1 себет: Әзербайжан, Литва, Гибралтар немесе Латвия, Мальта немесе Люксембург
2 себет: Лихтенштейн, Андорра

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары