Жаттықтырушыларды UEFA «B-GOALKEEPER» санатына оқыту курсына қабылдау басталды
Үміткерлер Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтындағы «Техникалық орталық» бөлімінде өтінім беріп, тіркеу формасын толтырып, іріктеу талаптарына сәйкес қажетті құжаттарды жолдап, оқуға үміткерлер тізіміне енгізілуі қажет.
UEFA «B-goalkeeper» лицензиясына қатысудың төменгі талаптары:
1. Үміткерде кемінде қолданыстағы UEFA «С» санатындағы лицензиясы болуы тиіс.
2. «С» лицензиясын алғаннан кейін қақпашылар жаттықтырушысы ретінде кемінде алты ай жұмыс тәжірибесі болуы қажет.
3. Үміткердің арнаулы орта кәсіби дене шынықтыру немесе жоғары білімі болуы тиіс.
Егер өтінім беру сәтінде үміткер арнаулы орта кәсіби дене шынықтыру немесе жоғары оқу орнында білім алып жатқан болса, оны растайтын анықтама ұсынуы қажет.
4. Курстың ресми тілін (қазақ немесе орыс тілі) жазбаша және ауызша жеткілікті деңгейде меңгеруі тиіс.
5. Тіркеу үшін қажетті құжаттар: ойыншы және жаттықтырушы мансабы көрсетілген түйіндеме, жеке куәлік немесе паспорт көшірмесі; наркологиялық және психоневрологиялық диспансерден анықтама; сотталмағаны туралы анықтама.
6. Футболдан практикалық сабақтарға қатысуға денсаулығында қарсы көрсетілімі болмауы тиіс (денсаулық туралы анықтама).
7. Курсты оқу барысында үміткер ҚР-да тиісті деңгейде футбол құрылымдарының бірінде жаттықтырушы ретінде тұрақты практикалық қызмет атқару мүмкіндігі болуы міндетті.
Курстың өту форматы, оқу құны және басталу мерзімі туралы ақпарат құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін қосымша хабарланады.