ҚФФ «Таза Қазақстан» республикалық акциясын қолдады

ҚФФ «Таза Қазақстан» республикалық акциясын қолдады

25 сәуір 2026, 12:09
25 сәуір – Қазақстан футболы күніне орай Қазақстан футбол федерациясының ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты.

Шараға федерация президенті Марат Омаров, бас хатшының міндетін атқарушы Александр Кеплин, Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов, штаб өкілдері Елдос Ахметов және Юрий Новиков, сондай-ақ федерация қызметкерлері қатысты.

ҚФФ-ның бұл акцияға қатысуы федерацияның әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына адалдығын және елдегі экологиялық мәдениетті дамытуға үлес қосуға деген ұмтылысын көрсетеді.

 

Бөлісу
Жоғары