Қазақстан футболы күнімен құттықтаймыз!

Қазақстан футболы күнімен құттықтаймыз!

25 сәуір 2026, 12:06
Бүгін Қазақстанның футбол қауымы елдің еуропалық футбол отбасына қосылған маңызды күнін атап өтуде.

2002 жылы 25 сәуірде Стокгольмде өткен УЕФА-ның 26-конгресінде Қазақстан ресми түрде УЕФА құрамына қабылданды. Бұл оқиға отандық футбол дамуының жаңа кезеңіне жол ашты.

Содан бері қазақстандық клубтар мен ұлттық құрамалар Еуропа аренасында елеулі нәтижелерге қол жеткізіп, тұрақты түрде дамуын жалғастырып келеді. Алда әлі де үлкен мақсаттар мен міндеттер тұр, оларды жүзеге асыру тек бірлік пен ортақ қолдаудың арқасында мүмкін.

Осы айтулы күнмен футболға қатысы бар барша жанды – жанкүйерлерді, ойыншыларды, жаттықтырушыларды, ардагерлерді, төрешілерді, мамандарды, серіктестерді және БАҚ өкілдерін шын жүректен құттықтаймыз.

Баршаңызға жаңа жеңістер, тартысты ойындар мен жарқын эмоциялар тілейміз!

Бөлісу
Жоғары