Александр Марочкин: «Жасыл алаңдағы тәртіп – ойынның негізгі кепілі»
- Александр, Қазақстан Ұлттық құрамасындағы алғашқы ойыныңыз туралы айтып өтсеңіз?
- Брюссельде Бельгиямен өткен ойын еді. Сол күн әлі есімде. Мұндай сәттер есте мәңгі қалады деп санаймын. Ойыннан алған әсерді сөзбен жеткізу қиын.
- Қазақстан құрамасының бас бапкерінің дайындығынан қандай ой түйдіңіз?
- Футболды басқа қырынан көреді. Жасыл алаңдағы тәртіп – ойынның негізгі кепілі. Әр футболшы өз аймағына жауапты. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда командаластарына қол ұшын созады. Тактиканың сырын ашпай-ақ қояйын.
- Билектің әдістерінің басқа бапкерлерден айырмашылығы қандай?
- Әр бапкердің жұмысы әртүрлі. Алғашқы бапкерім - Андрей Святославович Ферапонтов. Үлкен футболға жол ашқан кәсіби маман. Әлі күнге дейін алғыс айтамын. Владимир Муханов - өте қызықты бапкер. Ең алдымен допқа толық бақылау орнатуды алға қояды. Стойчо Младенов пен Михал Билектің ойын үлгілері ұқсас. Алайда, айырмашылықтары да бар. Сол себепті олардың жұмыстарын салыстыра алмаймын.
- 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының тобына қандай баға бересіз?
- Өте қызықты топ. Бельгия және Ресей сынды командаларға қарсы өз күшіңді сынақтан өткізудің өзі не тұрады?! Қалған командалардың да деңгейі жоғары. Мен үшін де, команда үшін де үлкен тәжірибе. Келешекте көмегі болады.
- Ұлттық құрамадағы алғашқы ойын Бельгиямен өтті. Бельгия құрамасынан қай футболшыға қарсы ойнау қиын болды? Лукаку, Азар, Мертенс?
- Мен орталық қорғаушымын, сол себепті Лукакуге қарсы көп ойнадым. Шабуылшының деңгейі жоғары екені бірден көрінді. Бельгия құрамасының қатарынан бір футболшыны бөле-жару қиын, Өйткені, әр футболшы – әлем жұлдызы.
- Кипр және Бельгия мен өтетін ойындардан жанкүйерлер қандай футбол күтеді?
- Кез келген командаға лайықты қарсылық көрсетеміз. Бар мүмкіндікті қолдан жібермеуге тырысамыз. Жанкүйерлеріміздің алдында ойнаймыз. Жанкүйерлер стадионды толтырады деп сенемін.
- Жанкүйерлерге айтар тілегіңіз…
- Жанкүйерлердің қолдауына үміт артамыз. Ең қуанышты сәттерді жанкүйерлерге сыйлауға тырысамыз. Ең бастысы – сенім.