Қазақстан құрамасы Венгрияны ірі есеппен ұтып, Еуропа Чемпионатына жолдама алды

Қазақстан құрамасы Венгрияны ірі есеппен ұтып, Еуропа Чемпионатына жолдама алды

06 сәуір 2021, 19:33
Сырт алаңда өткен ойында Қазақстан құрамасы қарсыластарын 6:1 есебімен жеңді.

Кака шәкірттері төрт ойында төрт рет жеңіске жетіп, 2022 жылғы Еуропа Чемпионатының жолдамасын жеңіп алды. Еуропа додасы 2022 жылдың 19 қаңтары мен 6 ақпаны аралығында Нидерландыда өтеді. 

Венгрия – Қазақстан – 1:6

Голдар: Дрот 24 – Есенаманов 5, Валиуллин 9, Тайнан 10, Надь (автогол) 15, Дуглас 23, Ақбалықов 33

Қазақстан: Игита (қ) (к), Тайнан, Нұрғожин, Тұрсағұлов, Дуглас – Байдулла (қ), Қарағұлов, Валиуллин, Ақбалықов, Есенаманов, Кнауб, Досов, Балтабаев.

Қазақстан құрамасы келесі ойындарын Нұр-Сұлтан қаласында 9 және 11 сәуір күндері Израильге қарсы өткізеді. 

 

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – Қазақстан құрамасының ресми серіктесі

Бөлісу
Жоғары