Футзалдан Қазақстан құрамасының Өзбекстанға қарсы құрамы

Футзалдан Қазақстан құрамасының Өзбекстанға қарсы құрамы

12 желтоқсан 2021, 11:09
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 14-15 желтоқсан күндері Өзбекстанмен өтетін ойынға шақырылған футболшылардың есімдерін жариялады. 

Футзалдан Қазақстан құрамасы:

Қақпашылар: Игита («Қайрат»), Рауан Атантаев («Нұр-Сұлтан»);

Алаңдағы ойыншылар: Біржан Оразов, Шыңғыс Есенаманов, Альберт Ақбалықов, Дуглас (барлығы  – «Қайрат»), Тайнан («Эль-Посо», Испания), Арнольд Кнауб («Динамо Самара», Ресей), Нұрбек Қарағұлов («Ақтөбе»), Жомарт Тоқаев, Болат Сарбасов (екеуі де - «Атырау»), Ерсұлтан Сағындықов («Бәйтерек»), Ринат Төреғазин («Аят»,) Ғазиз Нағашыбай («Рахмет»);

Жаттықтырушылар штабы: Рикардо Кака – бас бапкер, Сергей Коридзе – бас бапкердің көмекшісі, Луиз Энрике Де Соуза Карриольо Круз – дене даярлығы жаттықтырушысы, Тьяго Дуарте Вийера – физиотерапевт.

 

Ойын кестесі:

14 желтоқсан. Жолдастық матч. Қазақстан - Өзбекстан. Нұр-Сұлтан. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы. Басталуы - 19:00.

15 желтоқсан. Жолдастық матч. Қазақстан - Өзбекстан. Нұр-Сұлтан. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы. Басталуы - 19:00.

Билет құны әр ойынға - 1000 және 2000 теңге. 5 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін! Билеттерді тек zakazbiletov.kz сайтында онлайн сатып алуға болады. Арена кассаларында билеттер сатылмайды.

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына жиналатын жанкүйерлердің саны 50 пайыздан аспайды. Әр ойынға сатылымға шыққан билеттердің саны – 1300. 

Стадионға кіру ASHYQ қосымшасының «жасыл белгісімен», сондай-ақ барлық санитариялық нормаларды (маска және әлеуметтік қашықтық) сақтай отырып жүзеге асырылады.

Қазақстан құрамасының барлық жанкүйерлерін Өзбекстанға қарсы матчтарда командамызды қолдауға шақырамыз. Алға, Қазақстан!

Бөлісу
Жоғары