Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен екінші жолдастық ойынын өткізді

Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен екінші жолдастық ойынын өткізді

15 желтоқсан 2021, 21:52
Ойын қарсыластың жеңісімен аяқталды.

Қазақстан құрамасы ойынды қарқында бастап, алғашқы алты минутта қарсыластың қақпасына үш гол соқты. Голдың авторлары - Біржан Оразов, Альберт Ақбалықов және Дуглас. Үзіліске дейін 3:0 есебі сақталды. 

Екінші таймда бас бапкер жас ойыншылардың алаңға шығуына мүмкіндік беріп, басымдықты ұстап тұра алмады. Ойын қарсыластың пайдасына шешілді - 4:6.

Қазақстан - Өзбекстан - 4:6 (3:0)

Голдар: Оразов 2, Ақбалықов 3, Дуглас 6, Кнауб 35 - Чориев 24, 28, Хамроев 27, Ропиев 28, Усманов 28, Элибаев 37;

15.12.2021. Нұр-Сұлтан. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы. 

Бөлісу
Жоғары