Қазақстан – Словакия матчына аккредитацияға өтініш қабылдау басталды

Қазақстан – Словакия матчына аккредитацияға өтініш қабылдау басталды

05 маусым 2022, 08:00
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі 2022 жылғы УЕФА Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасының Словакиямен өтетін ойынына аккредитация алу үшін өтініштер қабылдайды.

Қазақстан мен Словакия құрамалары арасындағы кездесу 13 маусым күні өтеді. Ойын «Астана Арена» стадионында Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады.

БАҚ өкілдерін тіркеу мерзімі 2022 жылдың 11 маусымы сағат 12:00-ге дейін жалғасады. Аккредитацияларды 12 маусым күнгі баспасөз маслихатында алуға болады.

Аккредитациялық бейдждерді алдын ала беру жөнінде Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне мына телефондар арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: +7 (701) 625 3624, +7 (778) 281 81 26.

Ойыналды іс-шаралар кестесі кейінірек ҚФФ ресми сайтында жарияланады – kff.kz.

Аккредитация алу үшін журналистің аты-жөні, жеке куәлігі мен байланыс нөмірі жазылған, бұқаралық ақпарат құралы жетекшісінің қолы мен мөрі қойылған ұсынымды (ресми бланк) баспасөз қызметінің электронды поштасына press@kff.kz жіберу керек. Сонымен қатар, матча жұмыс істейтін БАҚ өкілдерінің қызметі (журналист, фотограф, тв, радио) көрсетілуі тиіс.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін және көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген өтініштер қабылданбайды.

Назар аударыңыздар! Журналистерге берілген орындар саны шектеулі. БАҚ үшін аккредитация саны – 2 (корреспондент/фотограф/бейнеоператор).

Бөлісу
Жоғары