Магомед Адиев: «Екі ойында ештеңе шешілмейді»

Магомед Адиев: «Екі ойында ештеңе шешілмейді»

07 маусым 2022, 08:25
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ойыннан кейін тілшілер сауалына жауап берді.

- Бүгінгі матч өте ауыр өтті. Алғаш болып гол салғанымыз жақсы әсер берді. Стадионға келген жанкүйерлерге ерекше алғыс айтқым келеді. Олардың қолдауы бізге күш берді. Сонымен қатар әлеуметтік желіде пікір жазып, жылы сөз айтқандарға да ризашылығымды білдіремін.

- Словакия құрамасы жайлы не айтасыз?

- Словакия құрамасы жайлы ештеңе айтқым келмейді. Ол менің жұмысыма жатпайды. Енді Сіз сұрап тұрған соң айта кетейін, Словакия құрамасы біз күткендей мықты ойнады. Бұл команданың ойыншылары өте мықты. Сондай-ақ болашағы зор команда екені де байқалды.

- Топтағы жағдайды қалай бағалайсыз?

- Әлі ештеңе шешілген жоқ. Турнир енді басталды. Алдағы ойындарды өткізіп алайық, сосын бір мәнісі болар. Екі ойында ештеңе шешілмейді. Ал 4 матчтан соң жағдай шамамен түсінікті бола бастайды.

- Сіз Словакия құрамасының ойынын сараптамадан өткізгеніңізге күмәнім жоқ. Ал енді мына матчта олар өзін көрсете алды деп ойлайсыз ба?

- Словакияның Беларусь құрамасына қарсы өткізген матчын тамашаладым. Бапкер екі күнде ештеңені де түбегейлі өзгерте алмайды. Сондықтан Беларусьпен болған ойынын көрсетеді деп күттім. Түбі солай болды да. Ойыншылар өзіне сенімді болды. Бірақ біз мықты тұстарын бұғаттауға тырыстық. Неге дайындалдық, соны орындадық.

Бөлісу
Жоғары