Қазақстан құрамасы сырт алаңда Словакияны ұтты

Қазақстан құрамасы сырт алаңда Словакияны ұтты

07 маусым 2022, 02:45
Футболдан УЕФА Ұлттар лигасының екінші турында Қазақстан Словакиямен кездесті.

Матч Трнава қаласындағы Антон Милотинский стадионында өтіп, 0:1 есебімен аяқталды.

Матчтағы жалғыз әрі жеңісті голды 26-минутта Аслан Дарабаев соқты. Ал нәтижелі пасты Эльхан Астанов өз атына жазды.

Екінші кезеңде словакиялық футболшылар алға қарай ұмтылды. Біресе тепкен добы қақпа бағанына тисе, кейбір сәттерде Игорь Шацкий тамаша сейвтерімен көзге түсті. 77-минутта Алмаши есімді шабуылшы гол соғып еді, бірақ VAR жүйесінің арқасында есепке алынбады.

С лигасының үшінші тобында қазақстандық футболшылар 6 ұпаймен көш басында тұр. Одан кейінгі орындағы Словакияның 3 ұпайы болса, Беларусь пен Әзербайжанның бір-бірден ұпайы бар.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 10 маусымда сырт алаңда Беларусьқа қарсы өткізсе, одан кейін 13 маусымда өз алаңында Словакияны қабылдайды.

Ұлттар лигасы, С дивизионы, екінші тур

Словакия – Қазақстан – 0:1 (0:1)

Гол: Дарабаев 26

Ескерту: Вайсс 32, Куцка 39, Гараслин 61, Алмаси 83 – Досмағамбетов 29, Әліп 37, Шацкий 73, Шушеначев 74, Малый 86, Қайыров 87

Словакия: Родак (қ), Чватал, Шкриньяр (к) (Вальент 43), Гимбер, Косцельник (Стрелец 83), Лоботка, Куцка, Вайсс (Суслов 46), Шварц (Гараслин 46), Руснак (Боженик 71), Алмаси;

Қосалқы құрам: Плах (қ), Такач (қ), де Марко, Беро, Горошовски, Дуда, Регали;

Бас бапкер: Штефан Таркович.

Қазақстан: Шацкий (в), Досмағамбетов, Әліп, Малый, Марочкин, Габышев (Қайыров 65), Қуат (к), Дарабаев (Жарынбетов 73), Астанов (Васильев 73), Оразов (Вороговский 59), Айымбетов (Шушеначев 65);

Қосалқы құрам: Шайзада (қ), Сейсен (қ), Ерланов, Сүйімбаев, Ахметов, Кеңесов, Самородов;

Бас бапкер: Магомед Адиев.

Төрешілер: Кристо Тохвер, Силвер Кыйв, Стен Клаасен (барлығы – Эстония);

VAR төрешілері: Федайи Сан, Штефан Хорисбергер (екеуі де – Швейцария);

06.06.2022. Стадион имени Антона Малатински, Трнава, Словакия

Бөлісу
Жоғары