Қазақстан мен Әзербайжан жасөспірімдер құрамалары тең ойнады

Қазақстан мен Әзербайжан жасөспірімдер құрамалары тең ойнады

08 маусым 2022, 12:00
Габалада оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Әзербайжан U-19 жолдастық матч өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті.

Кездесудің 54-минутында қазақстандық шабуылшы Ян Труфанов алаң иелерінің қақпасына гол соғып, есеп ашты. Алаң иелері ойынның 86-минутында Джавад Керимовтың голымен жауап қайтарды.

Вахид Масудовтың командасы 10 маусым күні алаң иелерімен тағы бір жолдастық ойын өткізеді.

Әзербайжан: Казимов (қ), Абдуллаев, Аббасов, М.Маммадов, Рамазанов, Адилханов, Шахнияров, Агхаев, Сулейманли, Гулиев (к), Ахундзаде;

Қосалқы құрам: Мурадов (қ), Мирсултанов, Э.Маммадов, Мусаев, Хейруллаев, Бадизаде, Дж. Каримов, Агхаяров, Салянский, Рустамов, Хачили, Маммадли;

Аға бапкер: Милос Велебит.

Қазақстан: Политик (қ), Р. Кәрімов, Иванов, Асқаров, Мрынский, Оматай (к), Жұмабеков, Темірғали, Мұхит, Тоқтыбай, Пангерей;

Қосалқы құрам: Талысбаев (қ), Ахмедов, Оразбек, Көбеев, Тұрғанов, Попов, Есімбеков, Қалымбетов, Труфанов;

Аға бапкер: Вахид Масудов.

07.06.2022. Габала қалалық стадионы, Габала. 

Бөлісу
Жоғары