Владислав Васильев: «Матчқа жақсы көңіл-күймен шығамыз»

Владислав Васильев: «Матчқа жақсы көңіл-күймен шығамыз»

09 маусым 2022, 23:27
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Владислав Васильев Беларусьпен болатын матч алдында баспасөз мәслихатына қатысты.

– Сіз бұған дейін Беларусь чемпионатында өнер көрсеттіңіз. Қарсыластың құрамындағы ойыншыларды танисыз ба?

– Барлық ойыншыларын білемін десем де болады. Өткен ойыннан кейін біразымен сөйлестім. Олар бізді құттықтап, тіркеп жатқан нәтижемізге қатты таң қалды. Ал олардың мықты және әлсіз тұстарын бас бапкеріміз көрсетіп береді. Біз бапкерлер штабының берген тапсырмасын орындауға тырысамыз.

– Ертеңгі матчқа жанкүйерлердің қатыспауы ойыншыларға қалай әсер етеді?

– Бұл өте қиын жағдай. Себебі біздің жанкүйерлеріміз команданы алға жетелеп, өткен екі матчта да жақсы нәтиже көрсетуімізге сеп болды. Олардың еңбегі зор деп айтар едім.

– Ойынға деген дайындық қалай?

– Дайындық жұмыстары әдеттегідей жақсы өтті. Ертеңгі матчқа жақсы көңіл-күймен шығамыз.

– Сізге қай позицияда ойнаған ыңғайлы?

– Бұған дейін тек алаң ортасында ойнап келдім. Бірақ футбол күн сайын өзгеруде. Сондықтан әртүрлі позицияда ойнауға тура келеді. Ең бастысы командаға өз пайдамды тигізсем болды. Бапкер қай позицияға қояды, сол жерде ойнауға дайынмын.

– Қазақстан мен Беларусь чемпионатын салыстыра кетсеңіз.

– Қазір Қазақстан біріншілігінің деңгейі жоғары деп айтар едім. Себебі бұл жақта ойнаған легионерлер топ чемпионаттарға ауысып жатыр. Ал Беларусь еліне дәл қазіргі сәтте түрлі санкциялар жарияланды.

Бөлісу
Жоғары