Талғарда жекеменшік мектептер арасында балалар турнирінің ашылу рәсімі өтті

Талғарда жекеменшік мектептер арасында балалар турнирінің ашылу рәсімі өтті

05 мамыр 2023, 20:40
Турнир Қазақстан футболының 110 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Жарыстың ашылу рәсіміне Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов, Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Андрей Дудин, Қазақстан футбол федерациясының ұлттық құрама командалар департаментінің директоры Ғани Қайназаров, «JKFL» лигасының директоры Александр Разинков қатысты. 

Жекеменшік мектептер мен академиялар арасында футбол лигасы 2021 жылы Қазақстан футбол федерациясының бастамасымен құрылды. Өткен жылы «JKFL» жарыстарына 300 команда мен 5 мыңнан астам бала қатысты. Мұның барлығы балалар арасында футболға деген қызығушылықтың жоғары екенін аңғартады. 

Талғарда өтетін турнирде үш жас категориясы бойынша 12 команда сынға түседі. Жалпы саны 260 жас футболшы жарысқа қатысады. 

Айта кетейік, 3 мамыр күні Астанада «JKFL» жарысының ашылу салтанаты өтіп, оған ФИФА президенті Джанни Инфантино мен ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов қатысқан еді. 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары