ФИФА президенті Джанни Инфантино қыздар арасында мектеп лигасының ашылу рәсіміне қатысты

ФИФА президенті Джанни Инфантино қыздар арасында мектеп лигасының ашылу рәсіміне қатысты

03 мамыр 2023, 22:49
Астанада футболдан қыздар арасында ұлттық мектеп лигасының финалдық кезеңінің ашылу салтанаты өтті.

ФИФА президенті Джанни Инфантино, Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов, ҚР Білім министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру даярлығы орталығының» бас директоры Сағдат Садықов, ҚФФ Атқарушы комитетінің мүшесі Бегайым Қырғызбаева қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі.

Инфантино Қазақстан қыздарын футболға шақырып, әйелдер футболы әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі екенін және оның дамуына баса назар аударатынын атап өтті. 

ФИФА президентінің қолдауы қыздар арасында мектеп лигасының қатысушылары үшін таптыртмас сыйлық болды. 

Әділет Барменқұлов ФИФА Президентінің қолдауы елімізде әйелдер футболын дамыту үшін нағыз серпін болатынына сенімді. Сондай-ақ, алдағы уақытта ҚФФ осындай жобаларды одан әрі дамытатынын атап өтті.

Айта кетейік, жыл сайын Қазақстанның ұлттық мектеп лигасы 5-11 сыныптар арасында ҚР Білім Министрлігінің халықаралық, республикалық спорттық-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес жыл сайын өткізіледі. Ұлттық мектеп лигасы футболды қосқанда 10 спорт түрінен өтеді. Алдын ала кезең өткен жылдың қыркүйегінде басталып, оған 850 мыңнан астам оқушы қатысты.

Финалдық кезеңге еліміздің түкпір-түкпірінен 130-ға жуық оқушы қатысып жатыр.

Бөлісу
Жоғары