Қазақстан құрамасы Армениямен жолдастық матч ойнайды

Қазақстан құрамасы Армениямен жолдастық матч ойнайды

06 ақпан 2024, 15:03
Қазақстан футбол федерациясы мен Армения футбол федерациясы жолдастық ойын өткізу туралы келісімге келді.

Матч 2024 жылдың 7 маусым күні Ереван қаласындағы Вазген Саркисян атындағы Республика стадионында өтеді.

Бұған дейін екі елдің құрамалары жеті рет кездесіп, Армения төрт рет, Қазақстан екі рет жеңіске жеткен болатын. Бір ойын тең аяқталды.

ФИФА рейтингінде Армения құрамасы 93-орында тұр.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары