«Даму Кубогына» қатысатын Қазақстан U-17 құрамасының ойыншылар тізімі

«Даму Кубогына» қатысатын Қазақстан U-17 құрамасының ойыншылар тізімі

16 ақпан 2024, 16:02
Турнир Беларусь астанасы Минскте өтеді.

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Бауыржан Сағындық Минскте өтетін «Даму Кубогы» турниріне шақырту алған ойыншылар тізімін жариялады.

Қазақстан U-17 құрамасы «Б» тобында Беларусь U-16, Тәжікстан U-16 және Ресей U-17 құрамаларымен кездеседі. Турнир 18-24 ақпан күндері аралығында өтеді.

Тізімге 21 ойыншы енді.

Қақпашылар: Бахтияр Алдашев («Қайрат»), Мадияр Төлеубек («Ақсу»), Махмуджан Сұңғатуллин («Жас Қыран»)

Қорғаушылар: Әли Әскербеков, Әлихан Жексенбек (екеуі де – «Астана»), Алан Аракельянц, Райымбек Кеңесбеков, Әкежан Қалықұлов, Әлиден Мұсайыпов (бәрі – «Қайрат»), Хасен Артурұлы («Ақтөбе»);

Жартылай қорғаушылар: Руслан Валиханов («Астана»), Арафат Молдағалиев, («Жетісу»), Әділет Сансызбай, Төре Исмағұлов, Абылай Төлеухан, Аламгир Смақов (бәрі – «Қайрат»)

Шабуылшылар: Марат Асланбек («Астана»), Исмаил Бекболат, Дастан Сәтбаев, Артур Трубин (бәрі – «Қайрат»), Алдияр Нұрғали («CF Historics de Valencia»)

Бапкерлер штабы: Бауыржан Сағындык – аға жаттықтырушы, Алексей Сорокин – аға жаттықтырушының көмекшісі, Ербол Мұсабаев – дене даярлығы жаттықтырушысы, Валишер Рашид – қақпашылар жаттықтырушысы, Азамат Серікбаев – видеосарапшы, Нұрсұлтан Болатбеков – дәрігер, Станислав Ведлер – массажист, Әнуар Жандарбеков – менеджер, Қуаныш Мұханбет – кит-менеджер.

Бөлісу
Жоғары