Магомед Адиев: «Тобымыз қиын болып шықты»

Магомед Адиев: «Тобымыз қиын болып шықты»

09 ақпан 2024, 01:00
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында Ұлттар лигасының жеребесіне қатысты пікір қалдырды.

– Тобымыз қиын болып шықты. Әр қарсыласқа жеке-жеке тоқталамыз. Әр матчта бәсекелестікке төтеп беріп, жеңіс үшін ойнаймыз. Холанд, Алаба секілді әлемдік жұлдыздарға қарсы ойнағанда белгілі бір деңгейде жауапкершілік артылып, футбол жұртшылығының назарында болатынымызды түсінеміз. Ал Словенияда кеткен есеміз бар, сондықтан олар біз үшін ерекше қарсылас болмақ. Оның үстіне, осындай мықты ойыншыларға қарсы өзіңді бір тексеріп алу әркез қызық. Нұралы Әліп үшін де мұндай мықты футболшыға қарсы ойнаған қызық болмақ.

Бөлісу
Жоғары