Ketroy – футболдан Қазақстан құрамасының ресми киімін өндіруші серіктесі

Ketroy – футболдан Қазақстан құрамасының ресми киімін өндіруші серіктесі

07 ақпан 2024, 18:00
Ketroy ерлер киімі бренді футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының эксклюзивті серіктесі атанды.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов пен Ketroy компаниясының басшысы Денис Белокриницкий серіктестік бойынша екі жылдық келісімшартқа қол қойды. Серіктестік аясында Ketroy бренді Қазақстан ұлттық құрамасына арналған арнайы киімді әзірлеумен айналысады.

Ketroy компаниясы командаға арналған алғашқы эксклюзивті коллекциясын Грекияға қарсы УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф ойыны қарсаңында ұсынады деп жоспарлануда.

Бөлісу
Жоғары