Қазақстан U-17 құрамасы Минскте өтетін Даму кубогына қатысады

Қазақстан U-17 құрамасы Минскте өтетін Даму кубогына қатысады

07 ақпан 2024, 11:30
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 18-24 ақпан аралығында Минскте (Беларусь) өтетін «Даму Кубогы» халықаралық турнирінде ойнайды.

Қазақстан U-17 құрамасының оқу-жаттығу жиыны 10 ақпанда Талғардағы ҚФФ құрама командалары Базасында өтеді. Құрама команданы қазақстандық маман Бауыржан Сағындық тізгіндеді.

Жарысқа сегіз құрама қатысады: Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Әзербайжан, Беларусь (барлығы – U-17), сондай-ақ 16 жасқа дейінгі Беларусь және Ресей құрамалары.

Командалар екі топқа бөлінеді. «Б» тобында біздің команда Беларусь U-16, Тәжікстан U-16 және Ресей U-17 құрамаларымен ойнайды. «А» тобы Беларусь U-17, Ресей U-16, Өзбекстан U-17 және Әзербайжан U-17 командаларынан тұрады.

Айта кетейік, Александр Кузнецов баптаған Қазақстан U-17 құрамасы былтыр Минскте өткен Даму Кубогында күміс жүлдені жеңіп алған еді.

Даму Кубогы-2024 матчтарының кестесі (Астана уақытымен):

18 ақпан (жексенбі)

13:30 Ресей U-16 – Өзбекстан U-17

15:50 Ресей U-17 – Қазақстан U-17

18:10 Беларусь U-16 – Тәжікстан U-17

21:00 Беларусь U-17 – Әзербайжан U-17

 

20 ақпан (сейсенбі)

14:00 Ресей U-16 – Әзербайжан U-17

16:20 Ресей U-17 – Тәжікстан U-17

18:40 Беларусь U-16 – Қазақстан U-17

21:00 Беларусь U-17 – Өзбекстан U-17

 

22 ақпан (бейсенбі)

14:00 Өзбекстан U-17 – Әзербайжан U-17

16:20 Қазақстан U-17 – Тәжікстан U-17

18:40 Беларусь U-16 – Ресей U-17

21:00 Беларусь U-17 – Ресей U-16

 

24 ақпан (сенбі)

13:00 «А» тобының төртінші орны – «В» тобының төртінші орны

15:20 «А» тобының үшінші орны – «В» тобының үшінші орны

17:40 «А» тобының екінші орны – «В» тобының екінші орны

20:00 «А» тобының жеңімпазы – «В» тобының жеңімпазы.

Бөлісу
Жоғары