Бауыржан Сағындық – Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасының жаңа аға жаттықтырушысы

Бауыржан Сағындық – Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасының жаңа аға жаттықтырушысы

06 ақпан 2024, 17:00
Қазақстандық маман Бауыржан Сағындық 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушы қызметіне тағайындалды.

Маман кәсіби ойыншы мансабында «Ертіс», «Энергетик-2», «Намыс», «Астана-1964» және «Гефест» секілді командаларда өнер көрсеткен.

Жаттықтырушы мансабын 2009 жылы «Ертіс» жастар командасында бастаған. 2017-2018 жылдары «Ертіс» ФК жастар футболын дамыту бағдарламасының басшысы қызметін атқарды. Сондай-ақ Сағындық «Жұлдыз» және «Ақсу» футбол орталықтарында жұмыс істеді. 2017-2018 жылдары Қазақстан U-20 құрамасында бапкерлер штабында жұмыс атқарған.

2022 жылы Бауыржан Сағындық «Ақсу» футбол клубына жаттықтырушылар штабына шақырту алып, бас бапкердің көмекшісі болды.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары