ҚФФ президенті іссапармен Маңғыстау және Атырау облыстарына барды

ҚФФ президенті іссапармен Маңғыстау және Атырау облыстарына барды

20 тамыз 2024, 10:00
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов Маңғыстау және Атырау облыстарына жұмыс Ісапарымен барды. 

Өңірлік футбол мен бұқаралық спортты дамытуға бағытталған бағдарлама аясында Әділет Барменқұлов еліміздің аймақтарындағы футболдың хал-ахуалымен танысып жатыр. 

Маңғыстау және Атырау облыстарына іссапары барысында жергілікті футбол федерациясы басшылығы және қызметкерлерімен кездесіп, өңірдегі бұқаралық футболды дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылады. Аймақтағы футболды дамытуға үлес қосып жүрген азаматтар назардан тыс қалмай, алғыс хатпен марапатталды.

Іссапар кезінде өңірлердегі стадиондардың жағдайымен танысып, жекеменшік клубтар арасындағы балалар жарыстарын тамашалады. ҚФФ президенті Маңғыстау мен Атыару облыстарында «ALAN» жобасы аясында футбол алаңдарының жаңартылатынын жеткізді. Сондай-ақ «Томарлы» стадионы қайта жөндеуден өтпек.

Бұған қоса, Атырау қаласында ҚФФ футбол мамандарын дайындау орталығын ашу жоспарланған. Айта кетейік, осыған дейін ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов Шығыс Қазақстан облысының Зайсан және Қатонқарағай аудандарына іссапармен барды.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары