Қазақстан құрамасы Тәжікстан командасын екінші рет жеңді

Қазақстан құрамасы Тәжікстан командасын екінші рет жеңді

24 тамыз 2024, 19:40
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионаты қарсаңында Тәжікстан құрамасымен екінші рет жолдастық кездесу өткізді.

Матч елорданың «Сайран Арена» спорт кешенінде өтті. Кездесу 4:3 есебімен Кака шәкірттерінің пайдасына шешілді. Біздің командадан Азат Валиуллин дубль авторы атанса, Арнольд Кнауб пен Дуглас Жуниор бір голдан соқты. Тәжікстан құрамасынан Самандар Ризомов, Бахтиер Салиев және Ыдырыс Ёров көзге түсті.

Қазақстан – Тәжікстан – 4:3 (2:1)

Голдар: Кнауб 11, Валиуллин 17, 34, Дуглас 40 – Ризомов 9, Солиев 27, Ёров 28

Ескерту: Есенаманов 28  

Қазақстан: Игита (к), Серіков, Жеткірбаев – Оразов, Тұрсағұлов, Рашит, Дуглас, Кнауб, Абдуманапұлы, Валиуллин, Есенаманов, Дәрібай, Қайырбай, Тарасенко, Бақтияров;

Бас бапкер Пауло Рикардо Кака.

Тәжікстан: Исоев, Джабаров – Исмоилов, Ризомов, Алимахмадов, К.Алиев, Умаров, Ёров, Ходжаев, Шарипов, Сардоров, Кузиев, Солиев, Саломов (к), Воситзода;

Бас бапкер: Пайрав Вахидов

Төрешілер: Аслан Галаев, Төрехан Тұрсымбаев (екеуі де – Қазақстан)

24.08.2024. «Сайран Арена», Астана. 850 көрермен.

Бөлісу
Жоғары