Қазақстан U-21 құрамасының Мальта және Бельгияға қарсы құрамы

Қазақстан U-21 құрамасының Мальта және Бельгияға қарсы құрамы

29 тамыз 2024, 14:00
Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Константин Горовенко Еуро-2025 іріктеу турнирінде Мальта және Бельгия құрамаларымен өтетін ойындарға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

Қыркүйек айында жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде екі ойын өткізеді. Еске сала кетейік, Қазақстан U-21 құрамасы «В» тобында Испания, Бельгия, Шотландия, Мажарстан және Мальта құрамаларымен бір топқа түсті.

Константин Горовенко шәкірттері алғашқы ойынды 5 қыркүйек күні Алматыда Тимур Сегізбаев атындағы стадионда өтеді. Матч 18:00-де басталады. 

Екінші матчты Қазақстан U-21 құрамасы 10 қыркүйек күні Бельгияға қарсы ойнайды. Матч Алматы қаласындағы Орталық стадионда 19:00-де өтеді.

Команданың оқу-жаттығу жиыны 1 қыркүйекте Алматыда басталады. Тізімге 24 футболшы енді.

Қақпашылар: Санжар Ерниязов («Жетісу»), Мирас Рихард («Екібастұз»), Дулат Талыспаев («Кеге», Дания);

Қорғаушылар: Әділбек Жұмаханов («Атырау»), Александр Широбоков («Славия-Мозырь», Беларусь), Сұлтан Аскаров, Дамир Қасабулат, Лев Кургин (бәрі – «Қайрат»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік»), Мейрамбек Қалмырза («Жетісу»), Роман Божко («Тобыл»), Микаель Аскаров («Сморгонь», Беларусь);

Жартылай қорғаушылар: Ринат Серікқұл («Жетісай»), Ерсұлтан Қалдыбеков («Атырау»), Ален Айманов («Каспий»), Олжас Байбек («Қайрат Жастар»), Абылайхан Назымханов («Шахтер»);

Шабуылшылар: Айбар Абдулла («Шахтер»), Иван Свиридов («Елімай»), Ғалымжан Кенжебек («Акритас», Кипр), Бейбіт Ғалым («Тобыл»), Ян Труфанов («Жеңіс»), Данил Анкудинов («Менсахеро», Испания), Артем Литош («Түркістан»);

Жаттықтырушылар штабы: Константин Горовенко – аға бапкер, Елдос Ахметов – аға бапкердің көмекшісі, Денис Мамонов – аға бапкердің көмекшісі, Нұрғазы Хайрулин – қақпашылар бапкері, Дмитрий Карпов – дене даярлығы бапкері, Біржан Хабит – видеосарапшы, Бауыржан Абаев – дәрігер, Ердос Калимов – массажист, Кайратали Кунходжаев – массажист, Қуаныш Мұханбет – менеджер, Әділ Жақыпбаев – администратор.

Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының матчтар күнтізбесі: 

5 қыркүйек:

Қазақстан U-21 – Мальта U-21

Тимур Сегізбаев атындағы стадион, Алматы

10 қыркүйек:

Қазақстан U-21 – Бельгия U-21

Орталық стадион, Алматы

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – футболдан Қазақстан жастар құрамасының бас серіктесі

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары