Иран мен Аргентина құрамаларына қарсы жолдастық матчтардың өтетін уақыты мен орны өзгерді

Иран мен Аргентина құрамаларына қарсы жолдастық матчтардың өтетін уақыты мен орны өзгерді

27 тамыз 2024, 15:07
Футзалдан Қазақстан құрамасының Иранға қарсы жолдастық матчтары «Сайран Арена» (Астана) спорт кешенінде өтеді. Ал Аргентинамен ойын Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына ауысты.

Сондай-ақ жолдастық ойындардың басталу уақыты өзгерді. Иранға қарсы алғашқы ойын 30 тамыз күні 15:00-де өтсе, Аргентинамен матч 7-ші қыркүйектен 8-не өзгерді. Билеттер жуырда сатылымға шығады.

Бұған дейін Иранға қарсы бақылау ойындары Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында, ал Аргентинамен матч Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді деп хабарланған еді.

Ойын күнтізбесі:

30 тамыз, 15:00

Қазақстан – Иран

«Сайран Арена» спорт кешені, Астана

 

01 қыркүйек, 15:00

Қазақстан – Иран

«Сайран Арена» спорт кешені, Астана



08 қыркүйек, 19:00

Қазақстан – Аргентина

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Алматы

Бөлісу
Жоғары