15 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Өзбекстанды жеңді

15 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Өзбекстанды жеңді

29 тамыз 2024, 15:44
15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Өзбекстан құрамасына қарсы екінші жолдастық кездесуін өткізді.

Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Ойыннан кейінгі пенальти сериясында Қазақстан құрамасы қарсыластарынан басым түсті.

Өзбекстан – Қазақстан – 1:1 (2:4 пенальти сериясында)

Голдар: Хайруллаев 36 (1:0) – Дәуренов 77 (1:1)

Өзбекстан: Бердиев (қ), Махмудов, Еркинжонов (к), Октамов, Шухраттулаев, Эмонкпэйр, Розимуродов, Зулфикоров, Маматов, Хайруллаев, Тиллоев;

Аға бапкер: Айдер Курбаев;

Қазақстан: Дүкенбаев (қ), Рахимбаев, Турищев, Қуанышев, Жұмагелді, Болат (к), Оспанов, Маратов, Жакұпов, Заречный, Дәулетұлы;

Аға бапкер: Кайрат Белгібаев;

Төрешілер: Розиябону Юсупова; Хайринисо Еркинова, Жахонгир Каримов (барлығы – Өзбекстан);

28.08.2024. Өзбекстан футбол ассоциациясы, Ташкент.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары