Футзалдан Қазақстан құрамасы жолдастық матчта Ираннан басым түсті

Футзалдан Қазақстан құрамасы жолдастық матчта Ираннан басым түсті

30 тамыз 2024, 17:00
Футзалдан Қазақстан құрамасы жолдастық матчта Иран командасын жеңді.

Астанадағы матч 4:1 есебімен аяқталды. Біздің команда сапынан Жахангир Рашит, Дуглас, Ақжол Дәрібай мен Шыңғыс Есенаманов көзге түсті.

Қазақстан мен Иран құрамалары арасындағы екінші жолдастық матч 1 қыркүйекте сағат 19:00-де Астана қаласындағы «Сайран Арена» спорт кешенінде өтеді.

Қазақстан – Иран – 4:1 (2:1)

Голдар: Рашит 15, Дуглас 16, Тайеби 20, Дәрібай 22, Есенаманов 27

Ескерту: Тайеби 13   

Қазақстан : Игита (к), Серіков, Жеткірбаев – Оразов, Тұрсағұлов, Рашит, Дуглас, Кнауб, Валиуллин, Лео, Есенаманов, Дәрібай, Төреғазин, Қайырбай;

Бас бапкер: Пауло Рикардо Кака;

Иран: Б.Мохаммади, Момени – Дерахшани, Тайеби, Карими, Агапоур, Йосеф, Рафиэйпур, Сангсефиди, Хассан Заде (к), Оладгобад, Ахмад-Аббаси, Доводи, Азаими;     

Бас бапкер: Вахид Шамсаи;

Төрешілер: Афиногенов, Рихсибаев (екеуі де Өзбекстан);

30.08.2024. «Сайран Арена», Астана. 850 көрермен.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары