Қазақстан U-15 құрамасы Бішкекте өтетін Talents Cup турниріне қатысады

Қазақстан U-15 құрамасы Бішкекте өтетін Talents Cup турниріне қатысады

18 қазан 2024, 11:07
Қазақстан U-15 құрамасы Talents Cup халықаралық турниріне қатысады.

Жарыс 22 қазан - 26 қазан аралығында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтеді.

Турнирде 15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасынан бөлек Қырғызстан, Бахрейн және Өзбекстан елдерінің 2010 жылы туған жасөспірімдер құрамалары өнер көрсетеді.

Қазақстан U-15 құрамасы жарыстың әр қатысушысына қарсы бір ойыннан өткізеді.

Ұлттық академияның ойыншылары алдағы турнирге дайындықты Талғардағы ҚФФ құрама командалары базасында өткізіп жатыр.

Бөлісу
Жоғары