УЕФА жетекші нұсқаушысы мен Ла Лига инспекторы қазақстандық төрешілерге семинар өткізді

УЕФА жетекші нұсқаушысы мен Ла Лига инспекторы қазақстандық төрешілерге семинар өткізді

20 қазан 2024, 12:43
Семей қаласында ФИФА мен УЕФА-ның төрешілерді дайындаудағы ең заманауи технологиясымен оқыту семинары өтті.

Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстарының төрешілерінің қатысуымен жас төрешілерге арналған оқыту семинарын өткізу қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ҚФФ Төрешілер комитеті УЕФА жетекші нұсқаушыларының бірі, Испания Ла Лигасының инспекторы, «УЕФА-дағы таланттар мен тәлімгерлер»жүйесінің тәлімгері Хуан Антонио Фернандес Маринді және ҚФФ техникалық нұсқаушысы, УЕФА  инспекторы және VAR лицензияланған нұсқаушысы Павел Салияны шақырды.

Нұсқаушылар ФИФА мен УЕФА төрешілерді дайындаудағы ең озық материалдарын қолдана отырып оқыту семинарын өткізді.

Бөлісу
Жоғары