«Атлетико Мадрид» клубының өкілдері ҚФФ ұлттық құрамалар базасына келді

«Атлетико Мадрид» клубының өкілдері ҚФФ ұлттық құрамалар базасына келді

18 қазан 2024, 12:42
Испан клубының мамандары Қазақстанға іссапармен келді.

Мадридтік ұжымның өкілдері Талғардағы ұлттық құрамалар базасының инфрақұрылымымен танысып, 15 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының жаттығуын тамашалады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан футбол федерациясы мен «Атлетико» клубы арасында балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға арналған меморандумға қол қойылған. Келісім аясында екі тарап спорттық оқу-жаттығу орталықтарын құру және білім беру саласында тәжірибе алмасады. Сонымен қатар, Алматы облысы Талғар қаласында «Ақбұлақ» Олимпиадалық орталығының базасында футбол академиясы салынады, ал жас қазақстандық футболшылар Испанияда «Атлетико» әдістемесі бойынша жаттығу мүмкіндігіне ие болады.

 

Бөлісу
Жоғары