Қазақстан футбол федерациясы Supernovas жобасымен бірлесіп, «D» санатындағы футбол жаттықтырушыларына арналған онлайн-курс ашады  

Қазақстан футбол федерациясы Supernovas жобасымен бірлесіп, «D» санатындағы футбол жаттықтырушыларына арналған онлайн-курс ашады  

23 қазан 2024, 15:58
Қазақстан футбол федерациясымен Supernovas by inDrive жобасымен бірлесіп, «D» санатты футбол жаттықтырушысының лицензиясын алу үшін тегін онлайн-курс ашады.  

Бұл бастама кез келген адамға жаттықтырушы қызметінің негізгі қағидаларын үйренуге және балалармен жұмыс істеуге қажет дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.  

Курс нәтижелері бойынша сертификат алған қатысушылар аймақтық футбол қауымдастықтары ұйымдастырған қорытынды тестілеуден өтіп, білімін растауға мүмкіндік алады. Емтиханды сәтті тапсырғандар «D» санатты ресми лицензияны алып, кәсіби жаттықтырушы ретінде мансапқа жол ашады.  

Курстың негізгі ерекшеліктері:

  • Тегін оқу: курс кез келген адамға қолжетімді және тегін ұсынылады.   
  • Онлайн формат: интернет қосылу болса, кез келген уақытта және кез келген жерде оқуға болады.  

  • Жауапкершілік: бағдарлама балалардың қауіпсіздігі мен жаттығуларда жағымды атмосфера құруға басымдық береді, бұл жаттықтырушыларға футбол дағдыларын тиімді үйретіп қана қоймай, шәкірттерімен сенімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.

Андрей Дудин, Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы:  

«InDrive-пен серіктестік еліміздегі жаттықтырушылардың дайындығын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл курс – Қазақстандағы футболды дамыту жолындағы маңызды қадам және ол тәжірибелі жаттықтырушыларға да, жаңадан бастаған мамандарға да қажет болатынына сенімдіміз. Еліміздің кең географиясын ескере отырып, технологиялық және интерактивті шешімді енгізу  өте маңызды. Республикамыздың ең шалғай жерлерінде де жаттықтырушыларға қолжетімді және мамандардың саны мен дайындық сапасының артуына ықпал етеді. Бұл біздің InDrive-пен серіктестіктегі бірінші жобамыз емес, бүгінгідей жұмыстың арқасында серіктестіктің кеңею мүмкіндігі бар екеніне сенім мол».  

Анна Федорчук, Supernovas жобасының жетекшісі:  

«InDrive-тің арқасында Supernovas бағдарламасы қазір 7 елде жұмыс істейді және 3500-ден астам баланы біз оқытқан жаттықтырушылар жаттықтырып жүр. Біз үнемі студенттерден кері байланыс жинап, олардың жаттығулардағы ерекше және позитив атмосфераны жоғары бағалайтынын байқаймыз. Біз осы білім мен дағдыларды футбол үйрететін барлық жаттықтырушылармен бөліскіміз келеді. Қазақстан Футбол Федерациясына осы идеяны қолдап, сенім артқаны үшін ризашылығымызды білдіреміз. Біз бұл платформаға жаппай футбол жаттықтырушыларын оқытатын әлемнің ең үздік тәжірибелерін жинадық. Бұл бастама жаттықтырушыларды осы мамандыққа көптеп тартуға және олардың дамуын қолжетімді етуге мүмкіндік беретініне сенімдімін. Әрине, біз үшін ең маңызды нәтиже – бақытты балалар, олар оқудан өткен жаттықтырушылар қолданатын әдістердің оң өзгеріс әкелетінін міндетті түрде байқайды».  

Supernovas by inDrive жобасы туралы:  

Supernovas – inDrive-тің шағын қалалар мен шалғай елді мекендердегі балаларға футболды тегін үйрену мүмкіндігін ұсынатын коммерциялық емес жобасы.  

Біз олардың өсуіне қауіпсіз және жайлы орта құруға, сондай-ақ адалдық, теңдік және өзгелерге құрмет сынды құндылықтарды дарыта отырып тәрбиелеуге тырысамыз. Осылайша біз қоғамға оң әсер етіп, олардың бірлігі мен спортқа деген сүйіспеншілігін қолдаймыз!  

inDrive-тың миссиясы – әлем бойынша әділетсіздік пен теңсіздікпен күреске өз үлесін қосу, сондай-ақ жаңа мүмкіндіктер мен әлеуметтік лифтілерді ұсынып, жергілікті қауымдастықтарды қолдау. Бұл миссия бизнес арқылы да, inDrive-тың халықаралық коммерциялық емес бастамаларын біріктіретін inVision бағыты арқылы да жүзеге асады.  

Бөлісу
Жоғары