Абай облысының футбол федерациясы (АОФФ) айналасында болып жатқан жағдайға Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) түсініктемесі

Абай облысының футбол федерациясы (АОФФ) айналасында болып жатқан жағдайға Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) түсініктемесі

13 қараша 2024, 22:00
ФИФА жарғысына сәйкес, ҚФФ өз жарғысын ФИФА талаптарына сай келетін етіп бекітуге міндетті және ҚФФ жарғысы тиісті басқару қағидаттарына сай болуы қажет. 

ҚФФ ФИФА жарғысы мен басқа да нормативтік актілерінен туындайтын барлық құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. ҚФФ аталған міндеттемелерді бұзған жағдайда, ФИФА жарғысында қарастырылған санкциялар қолданылуы мүмкін.

Сондай-ақ ФИФА мен УЕФА ҚФФ-ның өз құрылымына Қазақстан футболындағы барлық мүдделі тараптарды қосуды ұсынады. ҚФФ жарғысына сәйкес АОФФ ҚФФ мүшесі ретінде ҚФФ жарғылары мен шешімдерін орындауға, ҚФФ беделіне нұқсан келтіретін іс-шаралармен айналыспауға және ҚФФ жарғысынан тікелей немесе жанама түрде туындайтын барлық міндеттемелерді орындауға міндетті.

Айта кеткен жөн, ҚФФ міндеттерінің бірі - ҚФФ, мемлекет өкілет берген, біртұтас орган ретінде Елдегі футболды басқару жүйесін құру.

ҚФФ-ға мүше болар алдында АОФФ алдын ала ҚФФ-мен келісілген, ұйымның мөрімен расталған, жарғысының көшірмесін ұсынған. Сонымен қатар, АОФФ ҚФФ-ның барлық шешімдерін қабылдау, ҚФФ жарғыларын, регламенттерін, ережелерін және басқа нормативтік актілерін орындау туралы жазбаша міндеттеме берді. Бұл міндеттемеге кандай болмаса да сыртқы факторларға қарамастан, оның ішінде ҚФФ жарғысын бұзған қатысушылар мен құрылтайшыларды шығару, ҚФФ жарғылары мен шешімдерін бұзған тұлғаларды қызметінен босату да кіреді.

«Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңына сәйкес, ҚФФ дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды ҚФФ бекіткен нормаларды бұзғаны үшін шеттетуге міндетті және өз жарғысы мен Қазақстан Республикасы заңнамасы аясындағы басқа да міндеттерді орындау қажет.

Ереже бұзылғаны анықталғаннан кейін, ҚФФ АОФФ-ға ресми хат жолдап, АОФФ президентінің шетелдік азаматтығының болуы АОФФ жарғысына қайшы келетінін және бұдан кейін АОФФ жарғысының өзгерістері ҚФФ-пен келісілуі тиіс екенін, ҚФФ-ның Конференциясымен бекітілген жарғысының бұзылған барлық нормаларына сілтеме беріп, айтты. Осылайша, АОФФ ҚФФ-ның жоғарғы органының шешімін бұзды. Бұл ретте, ҚФФ тек өз құрылымына сайланатын кандидаттардың азаматтығын тексеруге өкілетті екендігін атап кеткен жөн.

Жоғарыда айтылғандар ҚФФ-ның халықаралық ұйымдар – ФИФА, УЕФА, ХОК және ҚР ҰОК алдындағы жауапкершілігін ескеретінін және футболды басқару тұжырымдамасымен сәйкес келуін қамтамасыз ету үшін көзделген. АОФФ-ның бұл жағдайдағы әрекеті ҚФФ қызметіне нұқсан келтірді.

ҚФФ АОФФ-ны жағдайды бұрмалауға тырысатын мамандарға сенбеуге шақырады.

Футболда клуб, жаттықтырушы, ойыншы, төреші және Қазақстан футболының басқа да тұлғалары жасаған кез келген қателік ҚФФ-ға әсер ететінін, кейде одан да үлкен деңгейде әсер ететіндігі баршаға мәлім. Бұл дұрыс дүние және дәл осы мақсатта ҚФФ аймақтық федерациялармен өзара қарым-қатынас жүйесін құрып және бұл жүйені дамытып келеді, ал ФИФА және УЕФА тарапынан бұл жұмыстар толық қолдауға ие.

Сонымен қатар, кейбір БАҚ-та «ҚФФ өз Жарғысын УЕФА және ФИФА-мен келіседі. Алайда УЕФА Жарғысында мұндай ереже жоқ» деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. УЕФА жарғысының 7bis бабының 6-тармағына сәйкес, ҚФФ кез келген өзгерістер туралы УЕФА-ға хабарлауы тиіс.

Сондай-ақ, ҚФФ-нің жарғысын ФИФА мен УЕФА өздерімен келісулуін ФИФА мен УЕФА ҚФФ-ны мәжбүрлейді туралы ҚФФ айтқан емес, тек жарғыдағы өзгерістерді ҚФФ ФИФА және УЕФА-мен келісуілі қажет туралы атап өтті, ал бұл екі түрлі дүние.

ҚР ҰОК жарғысына сәйкес, ҚФФ ФИФА және УЕФА жарғыларында қолданылатын нормаларына сәйкес, олармен тығыз қарым-қатынаста қарастырылған өзгерістер мен толықтырулардың мәтіндерін ҚР ҰОК-ға келісуге жіберуге міндетті.

Сондай-ақ, «ҚФФ аймақтық федерациялар жұмысына демократиялық қағидалар бұзылған жағдайда ғана араласа алады. Сонда ҚФФ өзі осы қағидаларды керісінше бұзып, еркін әрекеттерді болдырмау ғой.» деген ақпарат бойынша келесіні анықтап кету қажет: ҚФФ АОФФ-ның демократиялық сайлау рәсіміне араласпайды, ҚФФ тек АОФФ-на АОФФ-сы өз жарғысын өзі бұзды деп айтты, себебі АОФФ-ның жарғысында Атқарушы комитетінің мүшесі ҚР азаматы болуға тиіс деп көрсетілген, осыған сәйкесінше АОФФ-ның Президентіде ҚР азаматы болуға тиіс. Бұл ҚФФ-ның АОФФ-қа Президентінің заңдылығына қатысты жүгінуіне себеп болды.

Бөлісу
Жоғары