Қазақстан U-19 құрамасы Украинадан басым түсті
Бірінші турда қазақстандық футболшылар 2:1 есебімен жеңіске жетті. Кездесудің басты қаһарманы дубль автор атанған жартылай қорғаушы Тамерлан Агиманов болды.
Келесі матч Александр Кузнецов шәкірттері 16 қараша күні Нидерланд құрамасына қарсы өткізеді. Ойынның басталуы – Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де.
Еске сала кетейік, Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы Еуро-2025 іріктеу турнирінде Украина, Нидерланд және Словения құрамаларымен бірге 1-топта ойнайды. Барлық ойындар Нидерландтың Ассен қаласында өтіп жатыр.
Украина U-19 – Қазақстан U-19 – 1:2 (0:2)
Голдар: Пономаренко 62 (пенальти) – Агиманов 9, 35
Ескертулер: Коробов 78 – Исраилов 20, Әбіл 38, Меңдіғалиев 61, Сәрсенбай 79, Дүйсенбек 90+7
Украина U-19: Суркис (қ), Коробов, Шершень, Захарченко, Дикий (Дигтярь 46), Шевченко (Пшеничнюк 75), Ищенко (Бауман 83), Цуканов, Осипенко (Лень 64), Гусол, Пономаренко (к) (Ломага 83);
Қосалқы құрам: Бакус (қ), Гавриленко, Синчук, Вернаттус;
Аға бапкер: Дмитро Михайленко
Қазақстан U-19: Меңдіғалиев (қ), Исраилов (к), Ерлан, Елемес, Саидов, Дүйсенбек, Пірімбердиев (Асылбаев 75), Серікұлы (Сәрсенбай 75), Әбіл, Агиманов (Саутов 68), Бағдат (Газиев 68) (Жанхаев 88);
Қосалқы құрам: Құсайынов (қ), Молдахмет, Өмей, Мұхаметали;
Аға бапкер: Александр Кузнецов.
Төрешілер: Анте Чулина, Дарио Коларевич (екеуі де – Хорватия), Марко Риббинк, Робин Хенсгенс (екеуі де – Нидерланд)
13.11.2024. «Марсдейк» стадионы, Ассен, Нидерланд.