Кездесулер тарихы. Қазақстан W құрамасы Армениямен неше мәрте кездескен

Бұл топта тек Лихтенштейн W құрамасымен кездеспеген екенбіз. Биылғы іріктеу кезеңінде Қазақстан W мен Лихтенштейн W құрамалары алғаш рет кездеседі. Ал Люксембург W пен Армения W құрамалары бізге жақсы таныс.
Люксембургпен жалғыз мәрте 2008 жылы ойнаған екенбіз. UEFA FWT турнирі аясында Қазақстан W құрамасы Люксембург W құрамасын 3:0 есебімен жеңді. Бұл ойында Ли бір гол соқса, Ялова дубль авторы атанды.
Армения W құрамасымен жолымыз 7 мәрте түйіскен. 4 ойын ресми іріктеу кезеңі аясында өтсе, екеуі жолдастық ойын, тағы бір мәрте UEFA FWT турнирі аясында ойнағанбыз. Алғаш рет Қазақстан W мен Армения W құрамалары 2009 жылы мамыр айында кездесіп, біздің құрама 2:0 есебімен басым түсті. Гол авторлары – Қырғызбаева мен Кәрібаева.
2021 жылы маусымда Арменияда екі жолдастық ойын өткіздік. Алғашқы матчта Армения W 2:1 есебімен жеңіске жетсе, екінші ойында Қазақстан W құрамасы қарсыласының қақпасына жауапсыз 3 гол соқты.
УЕФА Ұлттар лигасының 2023 жылғы маусымында Қазақстан әйелдер құрамасы Арменияны W қос ойында да ұтты. Сырт алаңда 2:1 есебі тіркелсе, Астанада 4:1 есебімен жеңдік. 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан W мен Армения W құрамалары бір топқа түсті. Екі ойында қос құрама бір-бір жеңіспен тарқады.
Осылайша, 7 ойынның 5-еуінде Қазақстан жеңсе, бір матчта Армения ұтып, тағы бір кездесу тең аяқталған.