Қазақстан U-16 құрамасы БАӘ-де оқу-жаттығу жиынын өткізеді

Қазақстан U-16 құрамасы БАӘ-де оқу-жаттығу жиынын өткізеді

15 қаңтар 2025, 16:38
16 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанады.

FIFA Talent Development Scheme бағдарламасы аясында Қазақстан ұлттық академиясының ойыншылары 16 қаңтар мен 25 қаңтар аралығында Дубай қаласындағы Emirates Dubai 7s жаттығу орталығында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Жиын барысында Қазақстан құрамасы екі жолдастық кездесу ойнайды. Алғашқы матч 19 қаңтар күні 16 жасқа дейінгі Кувейт құрамасына қарсы өтсе, екінші кездесу 21 қаңтарда Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл-Васл» U-16 клубымен болады.

Қазақстан U-16 құрамасының Дубайдағы оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Абай Заманбек («Тобыл»), Байжан Асхат («Тараз»), Арнұр Дүкенбаев;

Қорғаушылар: Михаил Турищев, Әлиасқар Рахимбаев (екеуі де – «Джейран»), Данияр Қаси, Нұрмахан Нармаханбет (екеуі де – «Ордабасы»), Арғын Жұмагелді, Бақтияр Оразғалиев (екеуі де – «Ақжайық»), Дамир Қуанышев («Ақтөбе»), Никита Лисохмар («Тобыл»), Дінмұхамед Жақұпов («Оқжетпес»);

Жартылай қорғаушылар: Мәнсүр Болат («Атырау»), Радмир Хизметов («Джейран»), Әмір Оспанов, Асхат Дұтпаев, Платон Шипицин, Артем Шалыгин (бәрі – «Тобыл»), Давид Заречный, Саин Қажмұқан (екеуі де – «Ақсу»), Әмірхан Маратов («Ақтөбе»), Сұлтан Дәуренов («Тараз»), Салим Хасанов («Леванте», Испания);

Шабуылшылар: Жаңай Серікқұл («Парасат»), Айбын Дәулетұлы, Алан Бабашев (екеуі де – «Астана»);

Бапкерлік және әкімшілік штаб: Стюарт Холл – бас бапкер, Ермек Нұрғалиев – бас бапкердің көмекшісі, Есімбек Нұрахметов – бас бапкердің көмекшісі, Валишер Рашид – қақпашылар жаттықтырушысы, Еркебұлан Нұралиев – дәрігер, Абылайхан Құрбанәлі – менеджер, Мағжан Мырзағали – медиа-офицер.

Бөлісу
Жоғары