Астанада ЦП футболынан VII Қазақстан чемпионаты өтеді

Астанада ЦП футболынан VII Қазақстан чемпионаты өтеді

15 қаңтар 2025, 11:16
19 қаңтарда Қазақстан футбол федерациясының манежінде балалық церебральды сал ауруы бар ойыншылар арасында ЦП футболынан VII Қазақстан Республикасы чемпионаты өтеді.

Турнирге Алматы, Тараз, Шымкент, Қарағанды және Астана қалаларынан командалар қатысады. Олар 2024/25 маусымының үздік командасы атағы үшін табанды күреске түседі. Әр ойын – рухтың күші, табандылық және жеңіске деген ұмтылыстың көрінісі.

«Бұл турнир – жай ғана спорттық іс-шара емес. Бұл – табандылық пен өзіңе деген сенімнің мерекесі. Мұнда шектеулер жойылып, мүмкін еместің мүмкін екенін дәлелдейтін қаһармандар дүниеге келеді», – деп атап өтті ҚФФ тұрақты даму жобасының жетекшісі Шыңғыс Темірханов.

Турнирдің үздік ойыншылары 2025 жылы Ирландияда өтетін Еуропа чемпионатында Қазақстанның атынан жарысқа қатысады. Бұл – халықаралық аренада өзіңді танытуға берілген бірегей мүмкіндік.

Нағыз спорт мерекесінің атмосферасына еніп, ойыншылардың қуатымен шабыттанып, өмірді өзгертетін оқиғаның бір бөлігі болыңыз.

Күні: 2025 жылдың 19 қаңтары, сағат 12:00

Өтетін орны: Астана қаласы, Қазақстан футбол федерациясының манежі (Бауыржан Момышұлы даңғылы, 5А).

Бөлісу
Жоғары