Футзалдан Қазақстан U-19 құрамасы ОЖЖ өткізеді

Футзалдан Қазақстан U-19 құрамасы ОЖЖ өткізеді

13 қаңтар 2025, 14:10
Футзалдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Түркістанда кезекті оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Жиын 14-26 қаңтар күндері Түркістан қаласының Олимпиадалық орталығында ұлттық құраманың бас бапкері Пауло Рикардо Кака бастауымен өтеді. Жиын барысында 24 және 25 қаңтарда Қырғызстан жасөспірімдер құрамасымен екі жолдастық кездесу жоспарланған.

Жиынға шақырту алған ойыншылардың тізімі:

Қақпашылар: Бек Төлеген («Қайрат»), Әскер Наурызбаев («Бәйтерек»);

Алаңдағы ойыншылар: Семен Тарасенко («Тюмень», Ресей), Әләзиз Камалов, Әлихан Хасен (екеуі де – «Ақтөбе»), Георгий Калачев, Ерасыл Бүркітбаев (екеуі де – «Тұлпар»), Арлан Тасболат, Заур Гайдаржи, Нұрмұхамед Исмаилов, Әмірлан Қазбеков (бәрі – «Аят»), Диас Нышанов («Ордабасы»), Әлімжан Сейітнұр («Жетісу»), Әли Айдар («Алатау»), Әлмерек Тілеуберген («Қайрат»);

Бөлісу
Жоғары