Александр Кеплин Еуропа Лигасының «Бешікташ» – «Атлетик» матчының делегаты болып тағайындалды
20 қаңтар 2025, 16:58
Ойын 22 қаңтар күні сағат 20:30-да Түркияның Стамбұл қаласындағы «Бешікташ Парк» стадионында өтеді.
Александр Кеплин – Қазақстан футбол федерациясының операциялық директоры. Ол 2018 жылдың наурыз айынан бастап УЕФА матчтарының делегаты болып келеді.
Бұл ойынды Аустриядан келген төрешілер басқарады. Бас төреші – Юлиан Вайбергер, ал оған Андреас Хайденрайх пен Максимилиан Колбитш көмектеседі.
Айта кету керек, УЕФА делегаты – бұл матчтағы УЕФА-ның ресми өкілі. Ол ойын алдындағы ұйымдастыру жиындарын басқарып, ойыннан кейін баға береді және матчтың спорттық, инфрақұрылымдық және қауіпсіздік аспектілерін үйлестіру жұмысымен айналысады.
Жаңалықтар
19 қаң., 17:57
15 қаң., 16:38
15 қаң., 11:16
13 қаң., 14:10
31 жел., 20:00
30 жел., 15:46
24 жел., 16:27