Қазақстан әйелдер құрамасы екінші жолдастық матчта Қырғызстанды жеңді

Қазақстан әйелдер құрамасы екінші жолдастық матчта Қырғызстанды жеңді

28 мамыр 2025, 17:50
Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Алматыда өткен Қырғызстанға қарсы екінші жолдастық матчта жеңіске жетті.

Орталық стадионда өткен ойында Қазақстан W құрамасы 2:1 есебімен басым түсті. Біздің құрама сапынан Әмина Бибосынова мен Томирис Рахатжан гол соқты. Ал Қырғызстан W құрамасынан Нагима Туралиева көзге түсті.

Капитан рөлін алғаш рет Әмина Бибосынова атқарды. Ал Ұлттық құрама сапында 9 бірдей ойыншы дебют жасады. Олар: Әсел Әнуарбек, Тоғжан Бекпенбет, Аделия Бекқожина, Нұрсая Сұлтан, Әсел Жолболат, Карина Ботабек, Антастасия Тян, Жансезім Айсапар және Ару Ермағамбетова.

Айта кетейік, енді Қазақстан W құрамасын Ұлттар лигасының шешуші матчтары күтіп тұр. 30 мамырда біздің қыздар Лихтенштейнмен, ал 3 маусымда Люксембургпен Алматыда кездеседі.

Жолдастық матч. Екінші ойын

Қазақстан W – Қырғызстан W – 2:1 (1:1)

Голдар: Бибосынова 20, Рахатжан 55 – Туралиева 19

Қазақстан W: Әнуарбек (қ), Бекқожина, Ботабек, Сұлтан, Абдулаева, Ержанова, Рахатжан, Алданазар, Жолболат, Бекпенбет, Бибосынова (к);

Қосалқы құрам: Портнова (қ), Исмаилова (қ), Низамутдинова, Жанатаева, Айсапар, Ермағамбетова, Тян;

Бас бапкер: Мадияр Кембілов.

Қырғызстан W: Абибулла кызы (қ), Мырзалиева, Туралиева, Курманбекова, Качибекова, Тургумбаева, Ырысбек кызы, Рысбекова, Боронбекова, Казначеева, Нурлан кызы;

Қосалқы құрам: Садыкова (қ), Женишбек кызы (қ), Токтоболтова, Картаева, Гапарова, Мурзакулова, Акматбекова, Зибирова, Халиева, Дюшенова, Карамурзаева, Дуйшебаева;

Бас бапкер: Нематжан Закиров.

27.05.2025. Орталық стадион, Алматы.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары