17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Бішкекте жаттығу жиынын өткізеді

Жиын барысында Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары арасы екі жолдастық матч жоспарланған. Ойындар 27 және 30 мамыр күндері Бішкектегі Қырғызстан ұлттық футбол академиясында өтеді.
17 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасына шақырылған ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Каролина Гук («Астана»), Стелла Бабурчина-Луклянец («Ертіс»);
Қорғаушылар: Ксения Сандер, Владлена Гавриш, Валерия Друзь (бәрі – «Шахтер»), Дина Кукиль («Тобыл»), София Яшкова («Қайрат»)
Жартылай қорғаушылар: Варвара Цой («Тобыл»), Кәусар Алпысбай, Айя Муттари («Қайрат»), Жібек Ержанқызы («Елімай»), Әлзия Жамбыл («Астана»), Валерия Косарева («Ертіс»), Дамира Мақсат, Саида Дюсембаева (екеуі де – «Шахтер»)
Шабуылшылар: Ангелина Остер, Ангелина Кленова («Қайрат»), Толғанай Амантай («Шахтер»), Виктория Бахман («Алтай»), Ботагөз Жұмажанова («Атырау»);
Бапкерлер штабы: Юлия Мамонова – аға бапкер, Евгений Свешников – аға бапкердің көмекшісі, Ксения Постовая – дене даярлығы жаттықтырушысы, Ирина Саратовцева – қақпашылар жаттықтырушысы, Азамат Оспанов – дәрігер, Айман Бейсенова – массажист, Серік Жугралин – менеджер, Наталья Горенко – әкімші.