Қазақстан әйелдер құрамасы жолдастық ойында Қырғызстаннан басым түсті

Қазақстан әйелдер құрамасы жолдастық ойында Қырғызстаннан басым түсті

25 мамыр 2025, 16:59
Қазақстан әйелдер құрамасы Қырғызстанмен өткен жолдастық кездесуде жеңіске жетті.

Алматыдағы Орталық стадионда өткен матч 3:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Ойынның басты қаһарманы – Карина Берікова. Ол қарсылас қақпасынан үш рет саңылау тауып, хет-трик жасады. Ал қонақтар сапынан жалғыз голдың авторы – Татьяна Казначеева.

Сонымен қатар, бұл кездесуде Эльмира Абдулаева екінші таймда алаңға шығып, ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын өткізді. «Қайрат» клубының капитаны Эльмира Абдулаева жарақат алған Аида Гайстенованың орнына шақырылған еді.

Екі құрама арасындағы келесі жолдастық матч 28 мамырда 15:00-де өтеді.

Жолдастық матч. Бірінші ойын

Қазақстан W – Қырғызстан W – 3:1 (2:1)

Голдар: Берікова 23, 42, 68 – Казначеева 45

Қазақстан W: Исмаилова (Қ), Нұрышева, Бурова, Ержанова (Рахатжан 46), Норбаева, Хайрулина (Жанатаева 73), Жұмабайқызы (Абдулаева 73), Бибосынова, Берікова (Алданазар 73), Тұрлыбекова (Низамутдинова 73), Қаражанова;

Қосалқы құрам: Портнова (Қ), Әнуарбек (Қ), Бекқожина, Ботабек, Сұлтан, Ермағамбетова, Тян;

Бас бапкер: Мадияр Кембілов.

Қырғызстан W: Абибулла кызы (Қ) (Садыкова (Қ) 85), Мырзалиева, Туралиева, Курманбекова, Качибекова, Мурзакулова (Каратаева 46), Ырысбек кызы, Рысбекова, Боронбекова (Тургумбаева 68), Казначеева (Гапарова 85), Нурлан кызы (Токтоболотова 68);

Қосалқы құрам: Женишбек кызы (Қ), Акматбекова, Зибирова, Халиева, Дюшенова, Карамурзаева, Дуйшебаева;

Бас бапкер: Нематжан Закиров.

25.05.2025. Орталық стадион, Алматы.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары