ҚФФ жастар және әйелдер құрамаларының бапкерлерін қолдау бағдарламасын іске қосады 

ҚФФ жастар және әйелдер құрамаларының бапкерлерін қолдау бағдарламасын іске қосады 

24 мамыр 2025, 22:00
Қазақстан футбол федерациясы ұлттық жастар мен әйелдер құрамалары бапкерлерінің қызметін үйлестіруге кәсіби қолдау көрсету үшін жаңа бағдарламаны іске асыруды бастады.

Бағдарлама аталған бапкерлік құрамның жұмыс тиімділігін арттыруға және құрамаларды дайындаудың заманауи тәсілдерін енгізуге бағытталған. Бұл - ҚФФ-ның алдағы төрт жылға арналған техникалық стратегиясын жүзеге асырудағы маңызды бастаманың бірі.

Жоба аясында бапкерлер еліміздегі жетекшімамандар қатарындағы кәсіби менторлардың жан-жақты қолдауына ие болады. Олар жаттықтырушының жұмыс жоспары мен жаттығу процесіне тұрақты түрде эксперттік бағалау жасап, жеке кәсіби дамуды жоспарлауға да көмек көрсетіп, халықаралық матчтар мен ресми турнирлерге дайындығына қолдау танытады. Сондай-ақ оқыту шараларына өзекті әдістемелік материалдар пайдалану мүмкіндігі беріледі. 

 Жобаны жүзеге асыруға ұлттық жәнеклубтық құрылымдарда көпжылдық тәжірибесі бар беделді бапкерлер мен техникалық мамандар тартылған:

  • Талғат Байсуфинов – Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері (2016–2018 және 2021–2022 жж.); 
  • Владимир Никитенко – жастар құрамасының бұрынғы бас бапкері, Премьер-лигаклубтарында жұмыс істеген; 
  • Виктор Семенов – Премьер-лига клубтарында көпжылдық тәжірибесі бар бапкер-оқытушы және тәлімгер; 
  • Калоян Петков – «БИИК-Шымкент» әйелдер футбол клубының бас бапкері, әйелдер құрамасының бұрынғы бапкері; 
  • Евгений Свешников – жастар командаларымен жұмыс істейтін әдіскер, бапкер-оқытушы және тәлімгер, ҚПЛ клубтарында жұмыс тәжірибесі бар; 
  • Игорь Шпанера – УЕФА бағдарламалары мен ұлттық академияларда жұмыс істегентехникалық сарапшы, САБ QJ лигасының сарапшысы; 

Жоба аясында тәлімгерлер қатарын УЕФА-ның бапкерлерді дамыту және тәлімгерлік бағдарламаларынан өткен білікті мамандарменкөбейту жоспарланып отыр.

«Жастар және әйелдер құрамаларының бапкерлері – ел футболының болашағын қалыптастыруда маңызы зор. Сондықтан ҚФФәр бапкердің кәсіби өсіп, нәтиже көрсетуіне жағдай жасайтын жүйелі, кәсіби орта құруға басымдық береді», – деді ҚФФ техникалық департаментінің директоры Геннадий Скуртул.

Бағдарлама биыл мамырда басталып, әртүрлі жастағы ерлер және әйелдер ұлттық құрамаларын қамтымақ.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары