Қазақстан U-19 құрамасының Шымкенттегі ОЖЖ-ға шақырылған ойыншылар тізімі

Қазақстан U-19 құрамасының Шымкенттегі ОЖЖ-ға шақырылған ойыншылар тізімі

26 мамыр 2025, 13:00
19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы 31 мамыр мен 10 маусым күндері аралығында Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Оқу-жаттығу жиыны аясында Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы үш бақылау матчын өткізеді.

5 маусым күні Кирилл Кекердің командасы Бірінші лигада өкілі «Оңтүстік Академиямен» кездессе, 7 маусымда Премьер-лигада бақ сынайтын «Тұранмен» ойнайды. Ал соңғы матч 10 маусымда «Ордабасыға» қарсы өтеді.

Жиынға бас бапкер Кирилл Кекер 25 футболшыны шақырды.

Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Шерхан Қалмұрза, Диас Реймов (екеуі де – «Қайрат»), Саятхан Құсайынов («Ақтөбе»);

Қорғаушылар: Данияр Ташпұлатов, Әмірбек Базарбаев, Мансұр Бірқұрманов, Әкежан Қалиқұлов (бәрі – «Қайрат»), Аманжол Бақытжанов, Иван Пивоваров (екеуі де – «Тобыл»), Дарын Оспан («Ақтөбе»), Абзал Сағын («Астана»), Темірлан Төребек («Тараз»), Шыңғыс Қалиев («Леванте», Испания);

Жартылай қорғаушылар: Евгений Петрик, Мұхамедәлі Әбіш (екеуі де – «Қайрат»), Глеб Макридов, Әли Ақылбаев (екеуі де – «Шахтер»), Захар Порох («Оңтүстік Академиясы»), Азизжон Бердиев («Тараз»);

Шабуылшылар: Абылай Төлеухан, Азамат Тұяқбаев, Исмаил Бекболат (бәрі – «Қайрат»), Нұрдәулет Орынбасар («Тараз»), Ернар Қоспаев («Жетісай»), Алдияр Нұрғали («Леванте», Испания);

Бапкерлер құрамы: Кирилл Кекер – аға бапкер, Сергей Лабодовский – аға бапкердің көмекшісі, Егор Скулкин – дене даярлығы жаттықтырушысы, Виталий Кувшинов – қақпашылар бапкері, Алексей Анкудинов – бейнесарапшы, Айдар Шабанбай – дәрігер, Ахмет Хамдиев – массажист, Рахат Әкімқұл – менеджер, Шыңғыс Алмасбаев – әкімші.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары