Қазақстан WU-19 құрамасы Өзбекстанда жолдастық матчтар өткізеді

Жиын барысында Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары арасы екі жолдастық матч жоспарланған. Ойындар 30 мамыр және 2 маусым күндері Ташкенттегі Өзбекстан футбол қауымдастығы базасында өтеді.
Айта кетейік, бұл жиынға Қазақстан WU-19 құрамасын аға бапкер Жанна Мальгаждарова бастап апарады.
19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасына шақырылған ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Дидар Нәкен («Жеңіс»), Аяна Тоқтарова («Қайрат»), Нәсібелі Төленқұл («Жетісу»);
Қорғаушылар: Аружан Сәдуақасова («Томирис-Тұран»), Ксения Подгаевская («Тобол»), Ольга Филянд («Шахтер»), Айзада Әділбек, Жансұлу Нұрғазина, Рамина Омарова, Ажар Шөкетаева (бәрі – «Астана»), Жібек Жақсыбай («Ұлытау»), Аминат Бигожина («№8 ОРМБЖСМ»);
Жартылай қорғаушылар: Жайна Орынбасар, Элина Ирисметова, Диана Сабыр (бәрі – «Томирис-Тұран»), Адина Бейбіт («Астана»), Айсана Зекен («Жеңіс»), Адина Ізімбаева, Жанель Таласбаева, Анель Досболова, Виктория Пересунько (бәрі – «Қайрат»);
Шабуылшылар: Аяжан Ислямғалиқызы («Ертіс»), Айзере Мұратжан («Жеңіс»), Данагүл Ахметжан («Шахтер»), Эльнура Катран («БИІК-Шымкент»);
Бапкерлер штабы: Жанна Мальгаждарова – аға бапкер, Сюзанна Корнецова – аға бапкердің көмекшісі, Алина Коротянская – дене даярлығы бапкері, Мадина Шойкина – қақпашылар жаттықтырушысы, Ботагөз Хусаинова – дәрігер, Лайла Есімжанова – массажист, Серік Жугралин – менеджер, Меруерт Танабаева – әкімші.
Ойындар күнтізбесі:
Жолдастық матч. Бірінші ойын
30.05.2025 | 19:00
Өзбекстан WU-19 – Қазақстан WU-19
ӨФҚ футбол базасы, Ташкент
Жолдастық матч. Екінші ойын
02.06.2025 | 19:00
Өзбекстан WU-19 – Қазақстан WU-19
ӨФҚ футбол базасы, Ташкент