Марко Ферри: «ҚФФ пен ФИФА футболды дамытуға бағытталған көптеген бағдарламалар бойынша бірлесіп жұмыс істеп келеді»

Марко Ферри: «ҚФФ пен ФИФА футболды дамытуға бағытталған көптеген бағдарламалар бойынша бірлесіп жұмыс істеп келеді»

26 мамыр 2025, 14:59
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) өкілдігінің аймақтық үйлестірушісі Марко Ферри Астанада өткен Қазақстан футбол федерациясының кезектен тыс XXVIII Конференциясында ҚФФ пен ФИФА арасындағы тығыз әріптестікті атап өтті.

– Бұл менің Қазақстан астанасына төртінші сапарым және жиынға қатысқаныма қуаныштымын. ФИФА сіздің елдегі футболды дамытуда жергілікті федерацияның жұмысын жан-жақты қолдайтынын атап өткім келеді. Қазақстан футболы мен футзалының болашағы зор екеніне сенімім мол.

Сонымен қатар, ФИФА Қазақстан футбол федерациясының жобалары мен   бастамасына әрқашан қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізгім келеді.

Қазірдің өзінде ҚФФ мен ФИФА инфрақұрылымды дамытудан бастап кәсіби футболға дейінгі көптеген бағдарлама бойынша бірлесіп жұмыс істеуде. Біз өз тәжірибемізбен бөлісіп, Қазақстанда футболды барлық бағытта дамыту ісіне ҚФФ-ны қолдауға дайынбыз.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары