Йозеф Климент: «УЕФА әрқашан ҚФФ-ның футболды дамытуға бағытталған бастамаларын қолдауға дайын»

Ең алдымен, УЕФА президенті Александер Чеферин мен барлық УЕФА әкімшілігінің сәлемін жеткізгім келеді.
Қазақстан футбол федерациясы – УЕФА құрамындағы ең жас әрі қарқынды дамып келе жатқан федерациялардың бірі. Федерация футболдың барлық бағытын қамтып, келешек ұрпақ үшін инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді.
УЕФА атынан футболды дамытуға бағытталған бастамаларыңызды әрдайым қолдауға дайын екенімізді жеткізгім келеді.
Жуырда УЕФА президенті Александер Чеферин Қазақстанға ресми сапармен келіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу мәртебесіне ие болды. Оны Президенттің футболға және жалпы спортқа деген терең түсінігі мен қызығушылығы талқалдырды.
Бұдан бөлек, ұлттық құрамаларыңыз бен клубтарыңызға халықаралық жарыстарда сәттілік тілеймін!